Ислам елдерінің жас лидерлер Саммиті Ыстамбұлда өтеді

жаналык2 Сәуірдің 12-13 күндері Ыстамбұлда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердегі жас лидерлердің «Даму, бейбітшілік және әділет үшін әрекет ортақтығы» тақырыбында Жас лидерлер саммиті өтеді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, бұл жиын ұйымға мүше елдердің арасында көпір орнату үшін жасалатын маңызды бір қадам. Бұл саммитте «Әлемді өзгертетін 10 жас мұсылман» жаһандық марапаты өз иелерін таппақ. Жиын соңында жас лидерлердің алдағы уақытта бірлесіп атқарылуы қажет іс-шаралардың тұжырымдамасы ұсынылады.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін