«Құран тәпсірі» сенсацияға айналуы мүмкін

Untitled-1«Шахнаме» Кембридж орталығының парсы зерттеулері бойынша жетекшісі (Кембридж университеті) Фируза Мелвилл: "Қазақстанның Ұлттық академиялық кітабындағы қолжазбалардың бірі ғылым әлеміндегі нағыз сенсацияға айналуы мүмкін". 
Профессордың айтып отырғаны - мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімге түсінік беретін -«Құран тәпсірі» қолжазбасы. Фируза Мелвилл бұл кітаптың неше ғасырдан бері сақталып келе жатқанын әлі зерттеу керек дейді. Алайда, кітаптың қағазына, жазу мен ескі қолжазбаның таңбасына қарап, «Құран тәпсірдің» өте ертедегі кітап екенін айтуға болады. Фируза Мелвилл мен Кембридж университетінің тағы бір қызметкері, профессор, тарихшы Чарльз Петер кітапты мұқият зерттейді. «Бұл кітапханада тұрған «Құран тәпсірі» - бұл сөзсіз тамаша еңбек. Бұның өзі жаңалық. Кітапты әбден зерттей аламыз деген сенімдемін. Маған алдын ала кітаптың бір-екі бетін суретке түсіріп, жіберген еді, мен ол суреттерді қанағат тұтпай, құнды қолзажбаны өз көзіммен көруге келдім», - дейді ол. Парсы тілін зерттеуші профессордың айтуынша, кітаптың беттері шатасқан, сондықтан, еңбекті қалпына келтірумен қатар, оның реттік бетін анықтау керек. «Содан кейін бұл кітапқа қатысты жақсы пікір жазылады деп ойлаймын. Жоба ғылымда өзінің лайықты орнын табу керек», - дейді профессор. Айта кетейік, Фируза Мелвилл Қазақстанға Қазақстандағы Британия елшілігінің қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігінің, Ұлттық академиялық кітапхананың шақыруымен келіп отыр. Профессордың сапары Ұлттық кітапхананың «Бұл кітап әлемі...» атты айлық шарасы аясында ұйымдастырылған.

Baq.kz

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін