Абай ауданының имамы ауысты

2bcca524-84a8-4b8e-92d5-6b899af780c7 Қарағанды облысы, Абай ауданы мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды. Жаңа имам бұған дейін Қарағанды облыстық орталық мешітінде ұстаздық қызмет атқарған Қуатбеков Асқар Мейрамбекұлы. Жаңа имамды Жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Кәрсембай Дархан арнайы барып, сайлап қайтты. Жаңа имам өңір халқымен танысып, жұмысына кірісіп кетті. Аудан тұрғындарының діни ахуалын жақсарта түсу үшін жұмыла жұмыс істейтіндерін айтты жаңа имам. Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін