Орамал таққан тұңғыш тележүргізуші бағын сынады (ВИДЕО)

edc7a145 Заби Гайткуиева ресейлік «Дождь» телеарнасына жүргізушілікке үміткерлердің ішіндегі шариғат шәлісін жамылған тұңғыш қатысушы. Бұған дейін ол шешен-ингуш телеарнасында жұмыс атқарған. Әлеуметтік желі қолданушылары қыздың батылдығына қайран қалып, жарыса жазып жатыр. Атақты актриса Анджелина Джолиге ұқсайтынын да айтып жатқандар көп. Айта кету керек, «Дождь» телеарнасы тележүргізушілерге байқау жариялаған болатын. Арнаның ресми сайтында «Диктор жаңалықты бар жан тәнімен жақсы көру керек, ол туралы біліп қана қоймай, халыққа жеткізе білуі тиіс» деген талаптарын көрсеткен. Сонымен қатар, хабарламада телеарна ешқандай да гендерлік немесе жас ерекшелігіне шектеу қоймаймыз делінген.  Мұсылман қызының байқаудан өту - өтпеуі әзірге белгісіз. Бірақ орамалдағы тележүргізуішінің видеосы әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуда.
© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін