Швециялық қыз-келіншектер жаппай орамал тақты

Брюсселдегі шабуылдан кейін #hijabupropet хэштегі Швецияда өте танымал бола түсті. Мұнда жергілікті қыз-келіншектер Исламды қолдау үшін бастарына орамал салуда. Бұлардың басым бөлігі қаскөйлердің шабуылына ұшыраған жас мұсылман әйеліне қолдау көрсету үшін осындай қадамға баруда. Қаскөйлер мұсылман әйелінің орамалын басынан жұлып алып, басын автокөлікке ұрған. Кейін бұл келіншектің жүкті болғаны анықталды.189313-INNERRESIZED600-600-1 Акцияға қатысушы әйелдер қолдарындағы плакаттарына: "Бұл дін үшін емес. Бұл орамал тағатын әпке-сіңілілерімізді қолдағанымыздың белгісі. Біз еуропалық елде әйелдер әлдекімнің жұлып алмауы үшін ғана орамалды қатты тартып тағуы тиіс емес деп санаймыз. Мұндай қылмыстар – расизмнің туындауын және адамды жек көрушіліктің туындауын тоқтатуы тиіс саясаткерлерімізге берілген белгі» - деген жазуларды жазып алған. 189316-INNERRESIZED600-600-4  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін