Барак Обама: «...Өздерінің нанымдарына сай келмеген барлық жанды өлтіру...»

обама АҚШ президенті Барак Обама Брукселде болған террористік оқиғаға байланысты мұсылмандарды нысанаға алған пікір-таластарға қарсылығын танытты. «ИСИМ жарылыстарын Еуропада жүзеге асыруда, сонымен қатар Таяу Шығыста мұсылмандарды да өлтіруде», – деді ол ИСИМ-нің мұсылмандықпен бес қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтып. ИСИМ-нің әлемнің әр түпкірінде жастарды улап жатқанын атап өткен ол: «ИСИМ-нің бар ісі Исламда өздерінің нанымдарына сәйкес келмеген барлық жанды өлтіру», – деді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін