«Америкалықтар» Круздың «Мұсылмандарды бақылауды күшейтіңдер» сөзіне былайша наразылық танытты

  АҚШ-тың Республикалық партиясының АҚШ президенттігіне кандидат, Техас сенаторы Ислам дініне өлердей өш Тед Круз Брукселдегі жарылыстан кейін тағы да мұсылмандарға шүйлікті. Ол АҚШ халықты мұсылмандар тұратын аудандардағы бақылдауды күйшетуге шақырды. Ол бұл үндеуімен АҚШ президенті Барак Обама бастаған, Нью-Йорк қауіпсіздік төрағасы Уилиям Ж.Браттоның және Демоктратиялық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтонның және жалпы халықтың тепкісіне қалды. Обама: Америка құндылықтарына қайшы АҚШ президенті Барак Обама Круздың сөздерін «беталды», «Америка құндылықтарына қайшы» деп бағалады. Нью-Йорк Қауіпсіздік төрағасы Браттон Нью-Йорк Қауіпсіздік төрағасы Браттон болса өзінің мәлімдемесінде Круздың шектен шыққанын, Ақ үй тарапынан «лайық емес жан» екенін айтты. Клинтон: Круздың үндеуі қауіпті Демократиялық партияның АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон Калифорнияда сайлауалды сөзінде Круздың мұсылмандарға қарсы үндеуін «қате» әрі «қауіпті» деп бағалады. CAIR: Алаңдататын бір сөз АҚШ-тағы ең үлкен Мұсылман азаматты құқығы құрылымы Америка Ислам қатынастары Кеңесінде (CAIR) сөйлеген сөзінде Круздың бұл үндеуіне «Мұсылмандардың келешегін алаңдататын бір сөз» деп баға берді. Туиттердегі бірлікке шақыру Круздың бұл сөздеріне туиттер әлеуметтік желісінде үлкен наразылық танытылды. «АҚШ-тықтар» Туиттерде құрылған #MyMuslimNeighborhood (Менің мұсылман ауданым) тэгінде мұсылмандармен «бірлікте, татулықта пен бауырластықта» өмір сүріп жатқандарына байланысты хаттар жариялауда.
© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін