Қазақстанда «қонақ отбасы» жүйесі енгізіледі

FSrMRZySgfIBhcKy-lgҚазақстанда жетім балаларға арналған «қонақ отбасы» жүйесі енгізіледі. ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенатор Бірғаным Әйтімова мәлім етті. Жиында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын. «Заң жобасы арқылы отбасылық орналастырудың жаңа нысанын енгізіп отыр. Бұл  қонақ отбасы. Ондай отбасы балалар үйінің тәрбиеленушілерін оқу демалысында, демалыс және мереке күндері қабылдап, олармен уақыт өткізеді. Қонақ отбасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрып жатқан ұйымдар әкімшілігі арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады », - деді депутат Б. Әйтімова. Сенатордың айтуынша, қазіргі күні Қазақстанда қонақ отбасы нысанын енгізуге барлық жағдайлар қалыптасқан. «Қазірдің өзінде екі мыңға тарта отбасы осы нысан жүйесінде өздеріне балалар қабылдап жатыр. Заң жобасында балаларды отбасына қабылдағандардың құқықтары мен міндеттері, балаларды белгілі уақытқа қонақ отбасына жіберу тетіктері қарастырылады», - дейді ол. Бұдан бөлек, заң жобасы арқылы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу құқығы ең бірінші кезекте Қазақстан азаматтарына, еліміздің аумағында және одан тысқары жерлерде тұрып жатқар туыстарына берілетін болады. «Осы санаттағы азаматтардың балаларды асырап алуына мүмкіндік болмаған жағдайда ғана Қазақстанның балалары шетелдіктердің асырауына берілетін болады», - деді Б. Әйтімова.

inform.kz

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін