«Сиыр етін жеді» деп таяқ жеді

сиыр Үндістанның солтүстік-батысындағы Ражастан елдімекенінде бір топ Кашмирден келген мұсылман студенттерді жатақханада «сиыр етін пісіріп жеді» деген желеумен үндістер ұрып, сабап кеткен. Полиция өкілі Лубха Рамның айтуынша, кінәлілер табылмаған жатақханадағы басқа «кашмирлік» 4 оқушыны сұрақ астына алған. Бірақ, зерттеу нәтижесінде «сиыр еті» дегендері қой еті боп, ұстап отырған «кашмирлік» студенттерді қайта босатқан. Есімін айтуды қаламаған бір «кашмирлік» студент университеттерінде үнемі үрейде, қорқыныш ішінде жүретіндерін айтты. Ол: «Таяқ жедік. Тіпті, «тірідей өртеп кетеміз» деп те қорқытып кетті. Бірақ, полиция бәрібір бізді тергеді. Ал кінәлілерге ештеңе жасалмады», ­– деді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін