Пайғамбарымызды (ﷺ) абақтыға жаппақ болған министр қызметінен қуылды

232E0JsGrhHvNPSA-lgМысырдың әділет министрі Ахмед Зинд елдегі телеарналардың бірінде эфирден исі мұсылманның көңіліне келетін өрескел мәлімдеме жасағаны үшін қызметінен қуылды. Нақтырақ айтқанда, заңды бұзатын болса, Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзін де темір тордың аржағына тоғытатынын мәлімдеген болатын. Бұл жайында «Би-би-си» ақпарат көзінің орыс қызметі хабар таратты. Десе де, ол дереу тәубесіне келіп: «Алла өзің кешір мені»,- деп қалды. Келесі күні ресми түрде кешірім сұрады. Десе де ел премьері оны лауазымды қызметінен шеттетті. Мысырдың сот қауымдастығы ел премьерінің бұл шешімін сынға алып, аузынан абайсызда шығып кеткен сөзі үшін жұмыстан шеттетудің дұрыс еместігін жеткізді.

Islam.kz

 
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін