Алғыс білдіру үшін пингвинге 8000 шақырым түк емес (ВИДЕО)

penguin-swims-5-000-miles-every-year-to-meet-man-who-saved-his-life-1457624981-9465Бұл таңқаларлық оқиғаны Бразилияның TVGlobo телеарнасы жария етті. 71 жастағы бразилиялық қарт пен пингвиннің достығы бес жылдан бері жалғасып келеді. Өзін аман алып қалған құтқарушысымен кездесу үшін пингвин жыл сайын Аргентинадан Рио-де-Жанейроның қасындағы шағын аралға жүзіп келеді екен.   Бұрын тас қалаушы болып жұмыс істеген зейнеткер  Жоау Перейра де Соуза магелландық пингвинді Оңтүстік Америкадан майлы ерітіндіге батып, өлім аузында жатқан жерінен тауып алған көрінеді. Зейнеткер оны шығарып алып, жуындырып, күтіп-бағып, оңалғанда еркіне қоя береді. Бірақ қарияның бұл жақсылығын ұмытпаған пингвин содан бері оған жылына бір рет келіп тұрады екен. Видеода пингвин мен зейнеткердің кездесу сәті түсірілген.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін