Аналарға құрмет көрсетілді

Ислам дінінде әйел затының, аналардың орны исі мұсылман баласы үшін ерекше саналады. Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар ұяты мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Шариғатымызға сай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының басты тапсырмаларының бірі қайырымдылық шаралар. Осыған орай Қарағанды облысының өкілі және Қарағанды орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы наурыз айына берілген тапсырмасы «Жәннат ананың табанының астында» атты тақырыпта қайырымдылық жасау. Аталмыш тақырыпта Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің азаншысы Байкешев Нұрғали және наиб имамы Ибраев Асеттің қатысуымен көп балалы, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға қайырымдылық шара жасалды.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін