Берлин Техникалық Университетіндегі 50 жылдық мешіт жабылуда

мешіт Германияның Берлин Техникалық Университетінде шамамен 50 жылдан бері мұсылман оқушылардың намаз оқып келген мешіті наурыздың 14-інен бастап жабылатыны белгілі болды. Университеттегі мұсылман оқушылар құрған ASES ұйымының төрағасы Омар Илханның айтуынша, мұсылман оқушылар құрған 4 ұйымның басшылары мешіттің жабылу мәселесіне байланысты Берлин Техникалық Университетінің ректоры Кристиан Томсонмен кездескен. Мешіттің жабылуына қарсы 600 оқушыдан қол жинап, тапсырса да, университет басшылығы қабылданған шешімнің өзгермейтінін айтқан. Ең құрығанда жұма намазы үшін бір сағатқа спорт залды беру туралы өтініштерін де қабылдамаған. Университеттің 50 жыл бойы намаз үшін ашық тұрған мешітті жабу туралы шешім қабылдауына не түрткі болғанын мұсылмандар түсіне алмай отыр.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін