Өскемендік соғыс ардагері 100 литр қан тапсырған

кан Өскемендік Ұлы Отан Соғысы ардагері Лидия Клименко соғыс кезінде 100 литр қан тапсырған. Бұл жайында «Астана» телеарнасы хабарлады. Оның осыншама қан тапсырғанын Қан тапсыру орталығының мұрағат жазбалары растайды. «Соғыс кезінде Лидия Клименко медбике болып майдан шебіндегі ауруханада қызмет атқарған. Сол жерде жаралыларға қан тапсырған. Лидия апаның айтуынша, қан тапсырғаннан кейін адам ағзасы жаңарып отырады. Соғыстан кейін Лидия Павловна медицина саласында акушер болып қызметін жалғастырып. Бірақ сонда да қан тапсыруды тоқтатпаған», – деп хабарлайды Астана телеарнасы.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін