Диаспора өкілдерінің басын қосты

1 наурыз  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  жарлығымен «Алғыс айту  күні»  деп   жариялануына  байланысты , айтулы күнге  орай  Теміртау   орталық  мешітінің  Бас имамы  Алтынсариев  Ақылбек  Ербатырұлының    ұйымдастыруымен  орталық  мешіт  асханасында  Теміртау  қаласының  әкімі  Әшімов  Ғалым  Әбдіханұлын  және қалада  тұрып  жатқан  түрлі  ұлттар мен ұлыс өкілдерінің басын  қосып, сый- сияпат  көрсетіп,  ақ   дастархан  жайды.   Пайғамбарымыз  (ﷺ): «Бір-бірлеріңе  алғыс білдірмейінше,  шүкіршілік  еткен  болмайсыңдар» - дейді. Ынтымақ болмай,  бірлік  болмайды,  Бірлік болмай, тірлік болмайды деген  ұранды  алға  ұстаған елдің  ұрпағы  екенімізді  тағыда бір  дәлелдеді. Бүгінгі  атаулы  күнде  үлкендердің  басын қосып  игі  шара  ұйымдастырып отырған  Бас имамға  алғыстарын  айтып,  ризашылықтарын  білдірді.  
© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін