Құранға бомба орнатуда!

183231-INNERRESIZED600-600-1ИСИМ-нің содырлары енді Құран кітаптарына қоюға көшті. Бұл жайында Daily Mail басылымы хабарлады. ИСИМ жауынгерлері Сирия әскері қайтарып алған территориядан қашып жатыр. АҚШ халықаралық коалициясының өкілі Стивен Уорреннің сөзінше террористер  жарылғыш заттарды тоңазытқыштарға, тіпті дәретханаларға қойып жатқан көрінеді. Бұдан бөлек соңғы уақытта қатары сирей бастаған содырлар балаларды қолына қару алуға мәжбүрлеп, соғыс ісіне араластырып жатқаны белгілі болды. АҚШ коалициясының мәліметіне сәйкес қазіргі уақытта ИСИМ бұрын жаулап алған территорияларының  кемінде 40% жоғалтқан.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін