МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ БОЛЫП ӨЗГЕРТІЛЕДІ (ВИДЕО)

Алдағы оқу жылынан бастап медреселер білім берудің жаңа жүйесіне көшеді. Атап айтқанда, медресе колледж болып өзгертілмек.
Ердәулет Байдуллаев, тілші  -Медреселерге колледж атауын қосу идеясы айтылғалы біраз болды. Енді оны іске асырудың сәті келген сияқты.  Тиісті құжаттар әзірленіп, екі діни оқу орнына медресе-колледж атауы беріліпті. Оның бірі – Сарыағашта, тағы бірі – Алматы қаласында. Егер бұл бастаманың тиімді екендігі дәлелденсе, өзге медреселерде жаңа жүйеге көшеді. Шәкірттікке 9-сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады. Оқу осы күзде басталады. Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти  -Бұған дейін біздің медреседен алған дипломдары жарамсыз еді. Тек өзімізге ғана жарайды. Енді медресе-колледж деп аталғаннан кейін ол медресені бітірген бала ертең имам болмайтын болса, басқа да зайырлы оқу орындарына түсіп кететін мүмкіншілігі бар.  Бұл бастамаға Қазақстанның Дін істері комитеті де қолдау көрсетуде. Медресе шәкірттерімен қоса имамдардың да қосымша білім игеруі – қазіргі заман талабы. Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы  -Екі білімді бірге алып жүргені дұрыс. Сонда ғана әртүрлі мәселе болып жатқанда біздің қоғамда соларға жауап беру үшін, жалпы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін олардың осылай зайырлы білім алғаны дұрыс деп санаймыз. Конференция соңында оған қатысушылар Үндеу қабылдады. Ол дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыруға қатысты. Ердәулет Байдуллаев, тілші  -Яғни дінаралық татулықты нығайту, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, адамгершілік құндылықтарды, ұлттық тарихымызды насихаттау.  Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Жасұлан Шәкенов khabar.kz
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін