Ержан қажы Малғажыұлы:Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз

521467_1456301871ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында өтіп жатқан конференция барысында осылай деді. Бүгінгі конференциямыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отырғанын айрықша атап өткім келеді. Тарихымызға зер салсақ, имам қашан да бірліктің ұйытқысы болған. Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз. Құдайға шүкір, егемендігіміздің арқасында діндар қауымының да мәртебесі артып келеді. Бүгінгі «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – ҚМДБ қызметкерлерінің кәсіби қабілетін арттырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру», – деп атап өтті. Сондай-ақ, конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат ӘЗІЛХАНОВ, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, профессор, ф.ғ.д. Әділ АХМЕТОВ, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым ШОЙКИН, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, облыстардың Бас имамдары, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, ҚМДБ Сарапшылар Кеңесінің мүшелері, мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, тарихшылар, қоғамдық сарапшылар, т.б. қатысуда. ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін