Жалғыз басты ана балаларын далаға шығара алмай отыр

Қарағанды қаласы, Пришахтинск кентінде жалғыз басты ана балаларын далаға шығара алмай отыр. Жағдайы төмен Назерке 2 баласының үстінде қалың киімдері, аяқтарында жылы етіктерінің жоқтығынан үйден аттап баса алмай, қолбайлау болып отырғанын айтты. Қарағанды облыстық орталық мешітінің имамдары бұл жағдайды естісімен бүлдіршіндерге киім-кешекпен жәрдемдесті. Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақия балалардың жүзіне қуаныш сыйлап, қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан балалардың анасына болашақтан үміт тілеп, көзінің қарашығы болған балапандарының амандығын тілеп қайтты. [gallery link="file" ids="22945,22944,22943"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін