Ңөңнің себебінен 150 мың пингвин қырылып қалды

пингвинАнтарктидада үлкен бір су тоғанында өмір сүріп жатқан 150 мың пингвин климат өзгерісінің құрбаны болды. Гуардиан газетінің хабарлауынша, Commonwealth шығанағындағы Denison мүйісінде орналасқан үлкен бір тоғанда 160 мың пингвин өмір сүріп жатқан. 2010 жылы сол маңдағы көлемі 2900 шаршы километр болатын ңөң (мұзтау) ауа райының жылуынан жарылып, пингвиндер тіршілік етіп жатқан тоғанның аузын жауып қалған. Осылайша пингвиндердің қоректену үшін теңізге шығатын жолын бітеп тастаған. Ал қоректену алаңына шығу үшін пингвиндерге айналма жолмен 60 шақырым жүруі тиіс екен. Аустралияның New South Wales Университетіне қарасты Климат өзгерістерін зерттеу орталығы мәлімдегендей, 2011 жылы бұл тоғанда 160 мың пингвин бар еді. Қазір бар болғаны 10-ақ мың пингвин қалған. Ал 150 мың пингвин қырылып қалған. Мамандардың айтуынша, тоғанның аузын жауып қалғанB09B есімді ңөң орнынан қозғалып, бітеген жер ашылмаса, алдағы 20 жылда қалған пингвиндер де өлмек.   
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін