Ракты бірден анықтайтын құрал табылды

shutterstock_217740016Пәкістандық инженер Самир Икбал рак ауруын алғашқы сатысында-ақ анықтайтын құрал ойлап тапты. Икбал бастаған зерттеу тобының ауруды анықтайтын аппараты клеткалардың қозғалысына қарап, жаман аурудың белгісі байқала ма, жоқ па білуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуы бойынша адам ағзасындағы рактың (қатерлі ісік) жасушалары нанотекстураланған қабырғалармен байланысқа түскенде бірден белгілі болады. Жасушалар жылдам қозғалысқа түсіп, бір орында байыз таппайды. Дәрігерлер осындай клеткаларды тапқан күйде, дереу емдік шараларын қолға алуы керек. Қатерлі ісікті асқындырып алса, одан айығу оңай емес екені белгілі. Мұсылманның ашқан жаңалығының арқасында рактың алғашқы сатысында аурудан құлан таза айығуға мүмкіндік бар.  
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін