125 МЫҢ АККАУНТТЫҢ КӨЗІ ЖОЙЫЛДЫ

hakery-igil-vzlomali-bolee-50-tysyach-akkauntov-v-twitter_1Соңғы жарты жылдың ішінде Twitter әлеуметтік желісі терроризмді насихаттап келген 125 мың аккаунтқа шектеу қойды. Теріс пиғылды бүлікшілердің көбі атышулы «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобынан.   Бұған дейін Twitter желісі  «ИШИМ содырларының ашықтан-ашық дағуатын жүргізетін орталығына айналды» деген сөз тарап, бірнеше рет сынға ұшырағанын, ТАСС ақпараттық агенттігі Wall Street Journal газетіне сілтеме бере отыра айтады.   Twitter әлеуметтік желісінің операторының айтуы бойынша, компания  террористер мен экстремистердің бүлікшіл әрекетіне тоқтау қоюда. «Соның ішінде исламның атын жамылған лаңкестік аккаунттардың көзін жойдық, осыдан кейін әрекет етушілер жай-жайдан Twitter кеңістігінен алшақтап жатыр»., - «Twitter терроризмнің белең алуына көмектесіп отыр» деп сөккендерді де білеміз. «Терроризм қоғамға айтарлықтай қауіп төндіріп тұрғандықтан, біз де бүлікшілдердің алдын алу үшін жұмыс қарқынын күшейтудеміз» деп хабарлады. Осы мақсатта теріс пиғылды аккаунттарды сүзгіден өткізіп отыратын қызметкерлердің саны көбейтілді.
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін