Жастар – ел болашағы!

Шет ауданындағы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы игі бастаманы қолға алды. Әр сенбіде құптан намазынан кейін мешіт жамағаты мен аудан жастары жиналып, бас имамнан дәріс алады. Басты мақсат, жастардың діни сауатын кеңейту. Жамағатпен бірге оқылған намаздан кейін мешіт асханасында дастархан жайылып, әртүрлі тақырыпта уағыз-насихат айтылады. Бұл қайырымы мол шара апта сайын жалғасын таппақ. Сондай-ақ, Берік қажы Алпысбайұлы аудандағы жалғызбасты қарттар мен жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық шарасын ұйымдастыруда. Осы мақсатта мешітте алғашқы дайындық басталып кетті.   «Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі [gallery link="file" ids="22568,22569"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін