Хиджап киген барби әлеуметтік желіні жаулап алды

Instagram желісіндегі акаунттардың бірінде жарияланған мұсылман қыздарына сай киімдегі барби қуыршақтарының фотосы көпшілікті таңқалдырды. 178344-INNERRESIZED600-600-1   @Hijarbie деп аталатын аккаунтқа бір жарым айдың ішінде он бір мыңнан аса адам тіркелген. 178356-INNERRESIZED600-600-5 Бұл жеке парақшаны ашқан Нигеря елінің 24 жасар Ханифа Адам атты тұрғыны. 178347-INNERRESIZED600-600-4     Оның айтуынша қуыршақтарға хиджап кигізіп, жариялауының басты мақсаты – мұсылман қыздарына шабыт беру, олардың бұл қоғамда жалғыз емес екенін өздеріне ұқсайтындардың барын сезінуге көмектесу.   178355-INNERRESIZED600-600-4 Ханифа қуыршаққа арналған киімдерді өз қолымен тігетінін де айта кетті. Оқырмандар тарапынан киімдерге деген сұраныс жоғары. Сондықтан да қуыршаққа арналған хиджаптар онлайн сатылымға шығуы да мүмкін.      
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін