Барак Обама мешітке келіп, мұсылмандарға рахмет айтты

thumbs_b_c_e9630919ed66b41a8f55bf7260ea1ea1АҚШ президенті Барак Обама Балтимордағы «Ислам қоғамы» мешітін зиярат етті. Оның бұл мешітке зияраты АҚШ-тың президенті болғалы алғашқы рет. Ислам қоғамының басшыларымен дөңгелек үстел басында бас қосқан Барак Обама елдегі наным-сенім бостандығын қорғау мәселесінен сөз етті. Исламның бейбітшілік діні екенін тілге тиек еткен АҚШ президенті мешіт жамағатының да елдің бір бөлшегі екенін айтты. Сондай-ақ, Обама мешітке өмірі бас сұғып көрмеген америкалықтарға қарата үн қатып, мешіттің де синагога мен шіркеу секілді бір ғибадатхана екенін ескертті. АҚШ-тағы 11 қыркүйектегі террористік оқиғасының артынан Франция астанасы Парижде, одан кейін Сан Бернардино алаңында болған террористік оқиғалардың дінге қатысты болмаса да, Ислам дінімен байланыстырғандарын сөз еткен Барак Обама соңғы күндері америкалық мұсылмандарға қарсы жағымсыз сөздердің де бас көтеріп келе жатқанын атап өтті. Яғни, АҚШ президенттігіне кандидаттардың агитациялық жұмыстарында мұсылмандарға қарсы сөздерін сынаған президент: «Америкалық мұсылмандарға қарсы қош көрінбейтін саяси сөздер естіп жатырмыз. Елімізде бұған жол жоқ», – деді. Қоғамдағы мұсылмандарға қарсы кемсітушілікке жол берілмейтіндігін айтқан ол: «Біз үлкен бір АҚШ отбасысымыз. Бұл елде ешкім біреуге төменгі сынып адамы ретінде қарым-қатынас жасамауы тиіс», – деді. Ол мешітке келудегі мақсатын да мына сөздерімен білдірді: «Бұл жерге америкалы мұсылмандардың жете естімеген сөзін айтуға келдім. Ол да РАХМЕТ сөзі. Қоғамымызға сіңірген қызметтеріңіз үшін рахмет айтамын. Бірлігіміздің нығаюы үшін көрсеткен демеулеріңізге рахмет айтамын. Бүтін бір үлкен америкалылардың отбасы ретінде сақталуымызға көрсеткен жәрдемдеріңізге рахмет айтамын». Ислам сөзінің «бейбітшілік» сөзінен түбір алатынын ескерткен Барак Обама: «Ассаламуалейкум –«бейбітшілік тілеймін!» деген сөз. Ислам – бейбітшілік діні!», – деді. Осы себепті, Ислам діні терроризмге тыйым салатынын атап өткен ол: «Ислам - өзгеге  құрмет көрсету дәстүріне ие бір дін», – деді. Ол ИСИМ секілді террористік ұйымдарының Исламды ұстанбайтынын және мұсылмандарды қолдамайтынын айтты. Сондай-ақ, бұл ұйымдардың құрбаны боп кетіп жатқандардың көбісі мұсылман еркек, әйел және балалар екенін атап өтті. «Террористік ұйымдарына дін атын жамылдырмауымыз керек. Олар Исламның ұстанушылары емес», – деді ол. 
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін