150-ГЕ ЖУЫҚ ЖАМАҒАТ МЕШІТТЕ ЖИНАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жамағаттың басын бір жерге біріктірді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің асханасында жамағатқа дастархан жайылып, әсерлі уағыз айтылды. 150-ге жуық түбі бір мұсылман бауырлар бас қосып, бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. Өкіл имам жиналған жамағатқа ынтымақтастық пен достық үстемдік құрған жерде іс алға басады, шынайы мұсылманшылықтың белгісі де бір-біріне жүрегі елжіреп, бауыр тарту екенін айтты.

«Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары, теолог Рүстем Сыздықов көпшілікке «Ақида» бойынша дәріс өткізді. Сонымен қатар аталмыш бірлестіктің теолог, дінтанушылары уағыз айтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22353,22354,22355,22356"]
© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін