Білімдінің күні жарық!

Нұра ауданының бас имамы Құмар Қоныскерей Тікенекті ауылының оқушылырымен кездесу өткізді. Бас имам оқушыларға білімнің пайдасы жайында тақырып қозғап, бір нәрсе білмекке білім керек деп, балаларды ілім-білім алуға ынталандырды. Қазіргі жаһанданған заманда, еліміздің дамып өркендеуі үшін асқан білім маңызды дей келе, бүгінгінің жастары жігерлі, жан-жақты болу керек деді. Діни іліммен сусындап, сауатыңды ашу да өте пайдалы екенін айтты. Исламды қанық білген әрбір мұсылман қоғамның кез-кезлген қиындығына төтеп береді, әрқашан тығырықтан шығатын жолды біледі деп ақылын айтты. Балалар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мектеп ұстаздары бас имамға алғыстарын білдірді.

Нұра ауданы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22277,22278"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін