Байтуған ауылының мәдениет үйінде мәуліт өтті.

Қасиетті Мәуліт мерекесі кешінде ауыл мешіттерінде арнайы мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауаттар айтылды. Байтуған ауылының әкімі Қасымов Ардақ Жанайдарұлы барша қауымды мәуліт мерекесімен құттықтады. Нұра аудандық мешітінің бас имамы Құмар Коныскерей мазмұны мол уағыз жүргізді. Мешіт шәкірттерімен «Илләһи» ән-жырлары шырқалды. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыз ауыл молдасына өз ризалықтарын білдірді. Игі шара соңында дастархан жайлып, дәм берілді.

Нұра аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22222,22223,22224,22225"]
© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін