Сақ жүрсең , тоқ жүрерсің!

Діни экстремизмнің алдын алу және онымен күрес үдеген емес. Қауіптің алдын алу мақсатында Балқаш қаласындағы «Теміржолшылар» мешітінің бас имамы Әлімқұлов Медет №9 Орта мектеп оқушыларына уағыз-насихат жүргізді. Жасөспірімдерге «сақ жүрсең, тоқ боласың» деп, сақтық шараларын көрсетті. Жат ағымдар турасында жете тоқталып, олардың шоғырланатын орындары қандай болатыны жайлы ескертті. Жат адаммен сөйлескенде сақ болу абзалдығы мен бөтенге сыр шашпау қажеттігі де айтылды. Ислам діні туралы, Алланың жалғыз Жаратушы екендігі және Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі турасында да қысқаша мәліметтер айтып өтті бас имам. Мектеп оқушылары имамға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22215,22216,22217"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін