Мешіт жамағаты үлкен бастамаларды қолға алды

Қарағанды қалалық №1 мешітінде мұсылман бауырлардың басын қосқан жиын өтті. Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жамағат алдында сөз алып, бауырмалдық, ынтымақтастық жайында айта келе, дінімздің өркендеу жолында бір жағадан бас, бір қолдан жең шығарып, бірлесе қызмет атқаруға шақырды. Жиналудағы басты мақсат та – халықпен кеңесе отыра үлкен бастамаларды қолға алу.

Бүгінгі күні дін қызметкерлері тек құлшылықпен ғана шектеліп қалмай, асыл дінімізді насихаттап жүрген халыққа жөн сілтеуші, ел жанашыры. Бұқарамен тығыз байланыс дін өкілдері үшін ең маңызды. Олар үшін халықтың мақсат-тілегін, мұң-мұқтажын білу, халықпен санасу әрдайым ұтымды шешім.

Жаңа жылды жаңа жоспарлармен бастауды ниет еткен өкіл имам жамағатқа діни ахуалды жақсартып, дамыту үшін өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Жамағат тарапы да оң көзқарас танытып, ойларымен бөлісті.

Белсенділері мұсылманға тән игі қасиеттердің бірі – қайырымдылықты үдете түсу үшін, жетімдерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үнемі көмектесіп тұру мақсатымен қоғамдық бірлестік ашуды қолға алды.

Сонымен қатар жамағаттың көптеп келуіне байланысты, мешіт салу жоспарға енгізілді. Жамағатпен жиналған жиында көптеген мәселелердің басы ашылып, тың жобалар қолға алынды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22146,22147,22148,22149,22150,22151,22152"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін