Адамгерлішік – асыл қасиет

Мұсылманның тұлғалық бейнесін қалыптастыруды мақсат тұтқан Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы қаладағы білім ошақтарында көптеген кездесулер өткізіп келеді. Сондай жиынның бірі қаламыздағы №1 мектепте өтті. Мешіттің найб имамы Айтқазин Рауан мектеп оқушыларымен жүздесіп, жас дарынның бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік секілді руһты жандандыратын тақырыптарда хадистер айтты. Жас санаға рухани - адамгершілік білім беру арқылы жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарытығу болады. Адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне бағыт-бағдар көрсетіп, мол насихат жүргізді. Мектеп оқушыларымен қатар, ұстаздар жне ата-аналар қатысқан бұл кездесуде имамға сауалдар қойылып, мардымды жауаптар алынды. Осы ретте Р.Айтқазин: «Адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен біздің міндетіміз. Сол себепті, үйдегі тәрбиеге де көптеп көңіл бөлген дұрыс болмақ» деген ой тастады. Ата-аналар дін саласында жаңа мәліметтерді естігендеріне дән риза болып тарқасты.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="22045,22046"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін