Қарағанды облыстық орталық мешітінде мәуліт оқылды

Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінде екі дүние сардары Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылып, мәуліт оқылды. Жамағатқа жаһанға шуағын шаша келген, адамгершіліктің сара жолын салып кеткен Алла елшісі(с.ғ.с) жайында уағыз айтылып, Хақ тағаланың жіберген елшісіне санмыңдаған салауаттар айтылды. Мешітке жиналған жамағатқа уағыз айтқан Қарағанды өңірінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Мәуліт – қасиетті айлардың бірі деп, осы айда неғұрлым қайырлы амалдар жасап, Алланың нығметіне бөленуге шақырды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21833,21834,21835"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін