Сақ болсаң, тоқ боларсың!

Қоғамда өршіп тұрған өзекті мәселенің біріне айналған діни экстремизм тақырыбы жұртшылықты алаңдатары хақ. Террорлық әрекеттің бой көтермеуі сауатты қоғамда ғана орын алмақ. Ал, халыққа діни сауат беру мешіт имамдарының алға қойған негізгі мақсаты. Діннен сауаты бар адамзат қателікке бой алдырмайды. Балқаш қаласы мешітінің найб имамы Айтқазин Рауан қаладағы «Балқашцветмит» кәсіпорнына барып, осы тақырып аясында қызметкерлерге уағыз айтып қайтты. Терроризм ұғымын ашып айтып, жат ағымдар туралы мол ақпарат берді. Ұйып отырған елдің берекесін қашыруды көздейтін жат ағымдардың шоғырланатын орындары туралы айтып, ондай жерлерге бармауға кеңес берді. Бүкіл ел болып тойланып жатқан «Мәуліт» мерекесін қайырымды істермен өткізіп, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, мол сауабтар алуға шақырды.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21805,21806"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін