2020 жылға дейін діни білім беру тұжырымдамасы таныстырылды

Қарағанды обыстық орталық мешітінде өңір имамдарымен алқалы жиын өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы қала-аудан имамдарының басын қосып, атқарылуы тиіс тапсырмаларды жүктеді. Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейін қабылданған діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы таныстырылып, алдағы уақытта дін өкілдеріне өз елді мекендерінде таныстырып, түсіндіру жұмыстары тапсырылды.

Ел егемендігін алғалы бері елімізде еңсесін тіктеген мешіттердің саны артып, мешіт жанынан ілім үйренгісі келетіндердің саны күн санап артуда. Аталмыш тұжырымдама осы көрсеткіштің жемісі болса керек. Енді білім алушы шәкірттер нақты белгіленген бағдарлама бойынша оқитын болады. Шәкірттер белгіленген сатылар бойынша білімдерін жалғастырып, толық аяқтаған кезде діни ілім алғанын куәландыратын арнайы сертификатқа ие болатын болады.

Жиын соңында биылғы жылды қорытындылап, жасалған жұмыстардың артық-кемшіліктері сарапталып, алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеп, ел игілігі үшін еңбек етуге жазсын деп тарқасты.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21769,21770,21771,21772,21773,21774,21775,21776,21777"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін