Кәсіпкерлермен кездесу өтті

Бұқар жырау ауданы мешітінде аудан әкімі Нұркен Кобжанов кәсіпкерлікпен айналысып, өз істерін дөңгелетіп отырған ауылдың азаматтарының басын қосты. Бұл азаматтар ауылды өркендетуге ат салысып, халықтың қамын ойлап жүргендер. Жиын барысында мешітке құрылыс жұмыстарын жүргізу мен мешіт жанынан асхана салу жоспары жолға қойылып, талқыланды. Сонымен бірге аудан әкімі мешіт қызметкеріне 3 бөлмелі үй салып, игі іс жасаған аудан тұрғыны С.Қалиевке алғысын білдірді. Аудан әкімі мен «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы кәсіпкерлерге алғыстарын білдіріп, туған жерлерінің өркендеп-өсуіне ат салып жүргендеріне ризашылықтарын білдірді. Болашақта да бірігіп жұмыс істеп, ел игілігі үшін қызмет етуге жазсын деп тарқасты ауданның іргелі азаматтары.

Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21744,21745,21746"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін