Апалар жамағаты Мәулітті атап өтті

Мерейлі Мәуліт мерекесін «Бала қажы» мешітінің әйелдер жамағаты ұлықтап өтті. Мешітке жиналып, дастархан жайып, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтылды. Апалар арнайы жиналған болатын. Мақсат, кішіге үлгі, үлкенге өнеге болу. Аллаға мадақ айтып, Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат жолдау. Апалар бүгінгі кездесуде мешіттің бас имамы Нұров Махмұт қажымен бірге Құран хатым етіп, «мәуліт» оқыды. Пайғамбардың өмірін өнеге етіп, сүннетін қазақтың салт-дәстүрімен жанастыра отыратын ұлт жанашыры, баланы бесіктен тәрбиелеуші ардақты апаларымыз еліміздің гүлденіп, бейбіт болуын тіледі. Бас имамға алғыстарын жеткізді.

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21728,21729,21730"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін