Дінде адасуға жол жоқ!

Балқаш қаласының «Теміржолшылар» мешітінің бас имамы Медет Әлімқұлов «ЖЭС» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында діни экстремизммен күрес тақырыбы турасында мол уағыз айтылды. Ислам атын жамылған жат ағымдар туралы мол деректер айтылып, сақтық шараларын қарастырып жүрген абзал екендігі түсіндірілді. «Әрбір отбасында осы тақырып аясында әңгіме өрбіп, үйдегі перзенттерге де мол ақпарат бере жүрген дұрыс болады», - деді бас иам өз сөзінде. Жат ағымның жетегінде жүргендер адам көп жинала қоймайтын бос орындарда шоғырланатыны, ондай орындарға бармаған абзал екендігі де тілге тиек етілді. Әсіресе, қоғамдық орындарда көптеп қарым-қатынас орнайтын болғандықтан, бейтаныс адамға сеніп, тура жолдан адасып кетпеу қажет. Тура жолда жүру үшін діни сауат алып, Ислам құндылықтарын игерген абзал. Осындай келелі ойлар айтылған бүгінгі жиын өте қызықты өтті. Қызметкерлер қызықтырған сауалдарына бас имамнан жауаптар алып, риза болысты.

Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21683,21684,21685"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін