Бұқар жырау халқы ақынын асқақтатты

Қазақ қашан да ақынын аспанға көтеріп, аялаған халық. Бұқар жырау жұртшылығы да осы қағиданы тағы бір дәлелдеді. Аудан халқы осы жердің тумасы, белгілі айтыскер ақын, бірнеше республикалық айтыстардың жүлдегері Айтбай Жұмағұловтың кешін өткізді. «Бұқардың жырларымен жалындаған, Доскейдің өлеңімен өрге өрлеген Айтбай ақын» деген атаумен Бұқар жұрау елді мекенінде ақынның мерейтойына шығармашылық кеш өткізіп, мерейін асқақтатты.

Кешке танымал айтыскер ақындар мен жазушылар келіп өлең жырларынан шашу шашып, жылы лебізді тілектерін білдірді. Айтбай ақынның өлең-жырларының басым көпшілігі дін төңірегінде. Дін – діңгегім деп, өскелең ұрпақты Алла жолына баулып, имандылыққа тәрбиелеуде алдына жан салмайтындардың бірі. Өзінің кіндік қаны тамған Тоғызқұдық ауылына Алла үйін салғанын да халқы мақтанышпен айтып жүр.

Дін мен дәстүрді ұштастырып жүрген ақынды ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа арнайы келіп, жастарға рухани нәр берер өнегеге толы өлеңдерің көбейе берсін деп қасиетті Құран кітап пен сыйлығын табыс етті. Ақынның мерейтойымен құттықтап, аудан әкімшілігі де келіп, ізгі-иеттерін білдірді.

Айтбай Жұмағұлов домбырасы мен жауһар жырларын ғана серік етіп жүрген жоқ, сонымен бірге ол – ұлағатты ұстаз. Филология ғылымдарының кандидаты, ҚарМУ-дың доценті Айтбай Жұмағұлов шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық жолда жүрген азамат. Халқы үшін еңбек етіп, ұлт болашағына жанашыр айтыскер ақын халқының шынайы ықыласына риза болып, алғысын білдірді.

Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21577,21578,21579,21580,21581,21582"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін