Мәмілелі кездесуде Меморандумға қол қойылды

Қайырымдылық шараларын жоспарлы түрде тиімді атқарып келе жатқан Қарағанды облысындағы «Зекет» қорының өкілі Еркебай Жұматаев алдағы уақытқа биік мақсат қойып, ауқымды іс-шараларды атқаруға ниет еткен келелі істің орайын келтірді. Атап айтқанда, «Зекет» қорының Қарағанды филиалы мен «Қазақстандық кәсіпкерлер және сервистік қызметтер ассоциациясы» ЖК және ЗТБ арасындағы өзара серіктестік туралы меморандумға тараптар қол қойды. Келісім Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Қарағанды облысы халқының мұқтаж топтарына қайырымдылық көмек көрсету саласында тиімді серіктестікті құру және қалыптастыру бойынша белгіленген басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында жасалды. Тараптардың серіктестік саласындағы өзара қарым-қатынасы алты бөлімге негізделді:

1.Міндетті зекет төлемін (міндетті садақа) насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу;

2.Өзара қарым-қатынас сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және өткізу;

3.Кәсіпкерлерге діни-теологиялық кеңес беруді ұйымдастыру;

4.Тараптардың кез-келгені ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік семинарларға Тараптардың өкілдерін қатыстыру арқылы Тараптардың аталмыш салаларда жиналған білім, тәжірибелерімен алмасу;

5.Тараптар мақұлдаған кез-келген серіктестік түрлері;

Айта кету керек, жыл ортасынан бері зекеттің маңыздылығын насихаттау барысында қордың өкілі аймақтағы бірқатар аудандарда кездесулер өткізген болатын. Заман мен уақыт талабына сай өзара бірлескен шара барысында енді жүйелі жұмыстар жалғасып, жемісті нәтижелерге жалғасады.

«Қос тарап қол қойған күннен бастап күшіне енген Меморандумның аясында атқарылатын екі дүниеге сауапты іс-шаралардан күтеріміз мол. Халқымыз «Бірлескен істе береке бар» деген.Осындай достық пен келісімнің арқасында аймағымыз еңселі ел болып, тұрақты әлеуметтік даму сатысы үдеріліп, өзара мейірімділік пен бауырмалдық сезімдер арта түседі» деп атап өтті меморандумға қол қою рәсімінде Еркебай Жұматаев. Іске сәт !

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21361,21362,21363"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін