Көкпекті елдімекеніндегі мешіт құрылысына көмек көрсетілді

«Бала қажы» мешітінің шәкірттері қайырымдылық шарасын үдетіп келеді. Отбасыларға қаржылай, азық-түлікпен көмек көрсеткен мешіт шәкірттері ендігі қайырымды істі құрылыс саласына бөлген. Мешіттің наиб имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлының басшылығымен шәкірттер Көкпекті елдімекеніндегі мешіт құрылысына үлес қосты. Білекті азаматтар мердігерлермен бірге ғимарат ішін сылап, сырлады. Қабырғасы қаланып, шатыры қойылып аяқталуға таяу қалған құрылыс алаңына шәкірттер тағы да көмектеспек ниетінде. Мешітіміздің шәкірттері осындай игілікті істерге белсенділік танытып жүргеніне бас имам Нұров Махмұт қажы Нұрұлы үлкен алғысын білдіріп, отбасыларын тыныштық пен береке тіледі.

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21351,21352"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін