Әлем чемпионы ислам дінін қабылдады

«Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде адамдардың, Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің» (Насыр сүресі,1-2 аят). Осыған дәлел болып жатқан айғақ, әлемде қаншама әйгілі адамдар өмірлік сұрақтарына Құрани Кәрімнен жауап тауып, асыл дініміз Исламға бет бұрып жатыр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен үмметімнің көбейгеніне қуанамын» деген. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 3-ші жұлдызында Шахтинск қаласының тұрғыны 22 жасар Каратедан әлем чемпионы Чернов Сергей Игоревич ислам дінін қабылдап, сүннетке сай азан шақырылып, Сүлейман деп ат қойылды. Бұл шара «Нұр» мешітінде атқарылып, мешіт азаншысы Байкешев Нұрғали кішігірім сыйлық үлестіріп, дұға жасады.

[gallery link="file" ids="21348,21349"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін