Қаланың 5 бірдей колледжінде кездесу өтті

Оңын солын танып біле қоймаған, елірткен албырт шақта жастар біреудің айтқанына сеніп, көнбіс келеді. Қазіргі қоғамда белең алған сан-қилы жат ағымдарға еріп кетіп жатқандардың көпшілігі жастар. Жастар – ертеңгі елдің болашағы. Сондықтан жастарға үлкен жауапкершілікпен қарау маңызды. Пиғылы өзге әртүрлі ағымдардың арбауынан сақтану үшін бүгінгі таңда дін өкілдері уағыз-насихатты күшейтіп, жер-жерде нағыз ислам мен имандылықты қоғамға түсіндіруде.

Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұстазы Джаримбетов Мұхит осы тұрғы да жоспарға сай үздіксіз кездесулер өткізіп, ел игілігі үшін қызмет атқаруда. Ұстаз қаламыздың 5 бірдей колледждерінде кездесу өткізіп, студенттермен сұхбаттасты. Бір күнде бірнеше оқу орнында болып, жастарға үгіт-насихат айтты. Атап айтқанда «Қарағанды тау-кен» колледжі, «Қарағанды агротехникалық», «Қарағанды кәсіби техникалық», «Қарағанды тамақтану және сервис» және «Қарағанды машина жасау» колледждерінің студенттері ұстаздың айтқан уағыздарына қанық болып, дін жайында ақпар алды.

Студенттердің көкейлерінде мазалаған сұрақтары да көп екен, ұстазға өздерінің сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу аяқталғаннан кейін де бір студент исламға деген ерекше қызығушылығын білдіріп, дін жайында терең ілім-білім алудың жолдарын сұрады. Сонымен бірге студенттерге ҚМДБ дайындаған дін дегеніміз не?, шынайы мұсылманның келбеті қандай болу керек деген сұрақтарға жауап беретін бүктемелер таратылды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21300,21301,21302,21303,21304,21305,21306,21307,21308"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін