Ішкі істер қызметкерлерімен өткен кездесу

Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері діни экстремизммен күресуде белсенділік танытып келеді. Осы тақырыпты кеңінен ашып, жат ағыммен күресуде кездесетін қиындықтарды жеңу турасында алқалы жиын өтті. Жат ағымға ағылып жатқандардың дені жастар екені белгілі. Сондықтан да «Жастар – ел болашағы» атты акцияның аясында Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұстазы Қуатбеков Асқар Мейрамбекұлы құқық қорғау саласында қызмет атқаратын жас мамандарға жат ағымдар мен олардың мақсаты жайлы көптеген тақырыптарды қамтып, мол уағыз айтты. Бұл салада қызмет атқаратын мамандар өз ісіне жетік. Дегенмен, осы тақырып аясында туындаған сауалдарға жауаптар алынды. Жат ағымдардың дені бос тұрған ғимараттарда бас қосатындықтан, өңірдегі бос тұрған ғимараттарға мұқият тексерулер жүргізуін өтінген Асқар Мейрамбекұлы діни экстремизмнің шығу «ошақтарын» жоюда елдің тыныштығын орнату үшін, белді бекем буып жұмыс жасауға шақырды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21187,21186,21185"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін