Жастар – ел болашағының кепілі

Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің өркендеп өсуінің кепілі. Қазіргі таңда мемлекетімізде жастарға ерекше көңіл бөлініп, баса назар аударуда. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да діни басқармаға қарасты өкілдікке «Жастар – ел болашағы» атты акция ұйымдастыруды тапсырған болатын. Аталмыш акцияның аясында Қарағанды өңірінде де түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Өңір жастарымен әрдайым тығыз қатынаста болып, іс-шаралардың басы-қасында жүретін «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр студенттермен кездесіп, ашық әңгіме өткізді. Бұл жолы Мадияр Мейіржанұлы Қарағанды медициналық колледжінің студенттері алдында сөз сөйлеп, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ислам дінінің құндылықтары жайында тарқатып айтып берді. Қызығушылық танытқан жастар қауымы сұрақтарын қойып, асыл дініміз жайында ақпарға қанық болды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21176,21177,21178,21179,21180,21181,21182,21183"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін