Дінтанушылардың қатысуымен семинар өтті

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде облыстағы ақпараттық-насихат тобының мүшелері мен дінтанушылар семинар өткізді. Жиынға облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қайрат Нұркенов пен облыстық конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығының басшысы Төлеу Мұхтар мен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Тағаев Нұрбол қатысты.

Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы 2013-2017 жылдарға арналға бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастылып отырған жиынның маңызы зор. Басты мақсат студенттерге дәстүрлі дін жайында мол ақпарат беріп, өзге діннің арбауына түсіп қалудан сақтандыру. Ортаға шығып сөз сөйлеген дін қызметкерлері көптеген пайдалы дүниелер айтып, мәселенің шешімдерін айтты.

Үш күндік оқыту семинарға ҚарМТУ қабырғасында «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттері де қатысып, өздеріне пайдалы дәріс алды. Сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің жетекшілері де болды.

[gallery link="file" ids="21041,21042,21043,21044"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін