Тоғызқұдық ауылында кездесу өтті

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит Бұқар жырау ауданынағы іс-сапарында Тоғызқұдық ауылында болып қайтты. Ұстаз ауылдың мектеп оқушыларымен кездесіп, діни ағымдар жайында мағлұмат берді. Жоғарғы сынып оқушылары мен мектеп ұстаздарына жат ағым жайында ақпар беріп, пиғылы басқа ағымның арбауына түсіп қалмауға шақырды. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі діннен алшақтамауды насихаттап, діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды. Мейірімділік пен бауырмалдылыққа баулитын һақ дінді тар шеңбердің ішіне тығып, аясын кішірейткен үлкен қате іс деді ол.

Ауыл ұстаздары мен оқушыларына Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен тағы басқа лауазымды тұлғалар сөйлеген бейнероликті көрсетіп, тамашалады.

Ауыл халқы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспсөз қызметі.

[gallery link="file" ids="21009,21010,21005,21012,21013,21014,21015,21016,21017,21018"]
© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін