Суицид мәселесі жайында наиб имам сұхбат берді.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қосмағамбетов Бекболат республикалық «Astana TV» телеарнасына қоғам дертіне айналған суицид мәселесі турасында сұхбат берді. Өз-өзіне қол жұмсаудың ислам дініне қайшы әрекет екенін аят, хадистермен түсіндіре келе, Бекболат Зүлжалладинұлы мұндай өрескел қателікке бой алдырмаудың жолы жүректегі иманның әлсіремеуі деді. Адам жаман ойлар мен әрекеттерден бойын аулақ ұстап, нәпсісін ақылға жеңдіру керек деген наиб имам жастарды имандылыққа, сабырлылыққа шақырды.

«Ғасыр дертінің» алдын алу жолында дін өкілдерінің тигізер пайдасы мол. Бүгінгі күні имамдар тек өз ілімдерін арттырып, құлшылық етумен ғана шектелмейді. Дін өкілдері – қоғамның айнасы, елдің бетке ұстарлары. Қазіргі таңда дін қызметкерлері БАҚ өкілдерімен, мемлекет қызметкерлерімен де тығыз байланыста. Бұқараға дұрыс жөн сілтеп, үгіт-насихат айтудан еш тынған емес.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі.

[gallery link="file" ids="20416,20417,20418"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін