Алматыда Орта Азия ғұламаларының халықаралық форумы басталды (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен «Келісім мен жасампаздық – Орта Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» тақырып аясында халықаралық форум басталды.

Тұңғыш рет өтіп жатқан форум жұмысына Тәжікстан Республикасының Бас мүфтиі, шейх Саидмукаррам Абдулкодирзода бастаған делегация мүшелері, Қырғызстанның Бас мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушов, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ қызметкерлері, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары, теолог-ғалымдар, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысуда.

Форумда террорризм мен экстремизмді болдырмаудың жолдары, Орталық Азияда дәстүрлі діни мектепті қалыптастыру, Орталық Азия ғұламаларының еңбегін қайта басып шығару, жастарға адамгершілік құндылықтарын насихаттау, оларға дұрыс діни ақпараттарды жеткізу, т.б. тақырып төңірегінде пікір алмасулар болмақ.

Форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру, қоғамның тыныштығы мен бірлігін нығайту, барша мұсылманды орта жолды ұстануға үндеу, дін атын жамылып, дінді озбырлық әрекеттер мен саяси және жеке мүдделер үшін пайдалануды көздейтіндерге ілеспеуге шақыру.

Халықаралық басқосу соңында арнайы қарар қабылданып, үндеу жарияланады.

ҚМДБ Баспасөз бөлімі muftyat.kz

[gallery link="file" ids="20244,20245,20246,20247,20248,20249,20250,20251,20252,20253,20254,20255,20256,20257"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін