Жазғы лагерь жұмысын аяқтады

Нұра аудандық мешітте балалар лагері 15 күнге жалғасты. Діни сауатын ашып, бос уақытын тиімді өткізсін деген ата-ана балаларын күн босатпай мешітке акеліп тұрды. Ұстаз Байболсинов Есенбек  иман туралы дәріс берді. Сабақ барысында Құран оқу ережесі түсіндірілді. Сондай-ақ, исламдағы 5 парыз, соның ішінде намаз оқу, ораза тұтудың артықшылықтары жайлы мол ақпарат айтылды. Лагерьде ғұсыл алу, оның ішінде дәрет алудың шарттары айтылып қана қоймай, іс жүзінде үйретілді. Мешітке келіп, жүрегіндегі иманын күшейтуге ниет еткен әрбір балақайға сыйлықтар үйлестірілді. 6-10 жастарында балаларда өздерін ата-анаға жақсы көрсету сезімі басым болады. Сондықтан, бұл жастағы баланың құлшылығын, дұға етіп я шүкір еткендей көрсеткен әрекеттерін құптап, кішкентай сыйлықтар ұстатудың пайдасы мол. Сол себепті ішінара болған ірілі-ұсақты сайысқа қатысқан бүлдіршіндер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Нұра аудандық мешітінің баспасөз хатшысы

[gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="17762,17763"]
© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін