Қарағандыда «Ақ бата» атты бата беруден сайыс өтті

    ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бастамасымен  Қарағанды облысы өкілдігі «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ақсақалдар арасында «Ақ бата» атты  облыстық іріктеу сайысын өткізді.

Байқауды облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Өңірге қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің атынан жалпы  жиырмаға жуық қария қатысып, бақ сынасты.  Байқауға Қарағанды облысының бас имамы, ҚарМУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұхаммедғали Ілиясұлы, облыстық «Әнет баба» мешітінің  наиб имамы  Қоныскерей Құмарұлы, ұстаз Юсуфбек Шұғайұлы және «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Оралбай Әділбекұлы төрелік етті.  

Жарыс қортындысы бойынша Балқаш қаласынан қатысқан Ғабидолла Мұхтарұлы бас жүлдені иеленіп, Астана қаласында өтетін үлкен байқауға жолдама алды. Сонымен қатар,  Үмбетхан Есболұлы  ІІ орынды иеленсе, кезекті ІІІ орынды  Болат Тәттібекұлы қанжығасына байлады. 

 Жеңімпаздарды облыстың бас имамы құттықтап, алғыс хат пен және арнайы қаржылай сертификатпен марапаттады. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін